Бүгін Бейжіңде Ақ Олимпиаданың алауы тұтанады

0
804

Бүгін, 4 ақпанда Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты «Құстың ұясы» ұлттық стадионында өтеді. Алайда, керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрлерінен жарыстар 2-3 ақпанда басталып кетті. Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын кеше бастады.

Биылғы Ақ Олимпиада ойындарында 91 елден келген 4 мыңнан аса спортшы спорттың 7 түрінен 109 медаль жиынтығын сарапқа салады. Олимпиада бағдарламасына биатлон, бобслей (бобслей, скелетон), керлинг, коньки спортының түрлері (коньки жарысы, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек), шаңғы спортының түрлері (тау-шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, тұғырдан секіру, фристайл, сноуборд), шана спорты, шайбалы хоккей енді. Бұдан өзге биылғы ақ Олимпиадаға 7 жаңа жарыс түрі қосылды. Олар – әйелдердің жекелей бобслейі, ерлер мен әйелдер арасындағы шаңғы биг-эйрі, шорт-тректегі аралас эстафета, тұғырдан секіру, фристайл және сноуборд-кросс бойынша аралас командалық жарыстары бар.

Ақ Олимпиадада биыл еліміздің алғаш рет бір емес, екі спортшы алып шығады. Оның бірі – шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев болса, екіншісі – конькиші Екатерина Айдова.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here