Бейжің Олимпиадасы отандық телеарналардан көрсетіледі

0
729

Бүгін Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Қазақстанда бұл шараның тікелей трансляциясын үш телеарна – «Хабар», «Qazsport» және «Qazaqstan» ұйымдастырады. Ол Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.

Қазақстандықтар 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көре алады. Бұдан бөлек, олимпиадалық жарыстарды телеарналардың www.qazaqstan.tv және www.qazsporttv.kz ресми сайтынан, «Qazaqstan.tv» мобильдік қосымшасынан көруге болады. 

Трансляцияларға Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Тимур Сүлейменов, Сергей Райлян, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Самат Қанағатов, Александр Олейник, Дидар Қадыров, Данила Малышев, Жігер Әзберген, Әсем Нұрланова, Лилиана Әлжанова, Индира Бектенова комментаторлық етеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here