Пәтер жалдау құнына өтемақы алуға құжат 5 сәуірден бастап қабылданады

0
888

Индустрия және инновациялық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың хабарлауынша, пәтер жалдау құнына өтемақы алуға құжаттар 2022 жылдың 5 сәуірінен бастап қабылданады. 

Министрлік цифрлық платформаны бүгін пилоттық негізде іске қосуды жоспарлап отыр. Платформада өтініш беру үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Ол өз кезегінде өтініш иесінің талапқа сай келетінін автоматты түрде тексереді. 

Жаңа механизм 2021 жылдан бастап баспанаға мұқтаждарға жалға алу ақысының жартысын мемлекет есебінен төлеу мақсатында әзірленді. Тұрғын үйді жеке құрылыс компаниялары ұсынады, ал әкімдік оларға жер учаскесін бөліп, инженерлік желілер тартып береді. Құрылыс компаниясы пәтерлердің жартысын Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына жалға алуға беруге міндетті. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here