2023 жылдан бастап оқшылар математика пәнін жаңартылған бағдарламамен оқиды

0
1077

Қарағанды қаласында өткен «Мектептегі математикалық білім беру: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар» атты республикалық съезд барысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2023 жылдан бастап оқшылар математика пәнін жаңартылған бағдарлама бойынша оқитынын хабарлады.

«Президент білім мен ғылымды дамыту бойынша өте маңызды міндеттер қойды. Техникалық мамандықтарды дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ал, бұл, ең алдымен, математика. Сондықтан біз оқуға деген басқа көзқарас туралы айтуымыз керек. Шағымдар көп. Бір жағынан, сарапшылар мен тәжірибелі оқытушылар арасындағы қоғамдағы ескертулер әділетті. Біздің алдымызда математика пәні бойынша мектеп бағдарламасын жаңарту міндеті тұр. Бекітуге, қайталауға, сабақтастыққа уақыт болу үшін. Күрделі мәселе: бұл мектеп бағдарламасы, кадрлар даярлау, біліктілікті арттыру және мектеп оқулықтары», – деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, математика пәнін оқыту бойынша мектеп бағдарламасын өзгерту жұмыстары басталып кетті. Топ құрылып, оған тәжірибелі педагогтар, әдіскерлер мен жоғары мектеп өкілдері кірді. Жоспардағы жаңартылған бағдарлама 2023 жылы пайда болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here