Қаңтар оқиғасы: 1,5 мыңнан аса адам «жәбірленуші» деп танылды

0
886

Қаңтар оқиғасына қатысты қозғалған қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан аса жеке және заңды тұлға «жәбірленуші» деп танылған. 12 мыңнан астам адамнан жауап алынып, екі мыңнан астам әртүрлі сот сараптамалары тағайындалған. 107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер (88 қылмыстық іс) айыптау актілерімен аяқталған. Сотқа 86 айыпталушы берілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов хабарлады.

«Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отрып, 52 адамды соттады. Олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға кесілді, ал екі адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды», – деді Санжар Әділов.

Тергеу департаменті бастығының айтуынша, қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде 2 729 қылмыстық іс бар, олар бойынша 255 адам күзетпен ұсталуда.  Жасаған әрекетінің ауырлығы, жеке басының мінездемесін еске отырып, соттар 140 адамға қоғамнан алшақтатуға байланысты емес бұлтартпау шараларын тағайындады. Оның ішінде үйқамақ – 62, кепіл – 33, ешқайда шықпау туралы қолхат – 45. Бұрын аталғандай қылмыстық істердің негізгі бөлігі келесі қылмыстар бойынша тергелуде: ұрлықтар – 1 844, қарудың заңсыз айналымы – 343, мүлікті қасақана бүлдіру немесе жою – 144. Сонымен қатар, ұрланған қаруды іздеу және алу бойынша бағдарлы жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні 1 006 қару, 20 307 оқ-дәрі алынған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here