«Қазақстан халқына» қоры кімдерге 7 млн теңгеден береді?

0
502

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне берілетін материалдық көмек мөлшері туралы шешім қабылдады. Бұл шешім кездейсоқ құрбан болған азаматтардың, қаза тапқан және жараланған балалардың отбасыларына да қатысты. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Баспасөз қызметі хабарлады.

Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған келесі азаматтардың отбасы 7 миллион теңгеден алады:

  • әскери қызметшілер;
  • ішкі істер органдары қызметкерлері;
  • ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері;
  • азаматтық тұлғаның отбасы.

Ауыр жарақат алған келесі азаматтардың отбасына 3 миллион теңгеден беріледі:

  • ауыр жарақат алған әскери қызметшілер;
  • ішкі істер органдары қызметкерлері;
  • ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері;
  • жараланған балалар.

Қор қазіргі сәтте Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған кәмелетке толмаған балалары бар азаматтық тұлғаларға қосымша қайырымдылық көмек көрсету мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here