Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті

0
1044

Кеше, 4 наурызда Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Кеңес аясында АХҚО-ның инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі, Қаржы орталығының қазіргі жай-күйі және қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасының ықтимал әсері мәселелері талқыланды.

«Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-дан аспайды. АХҚО бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайлары байқалмайды», — деді АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов.

ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here