Қазақстан Украина халқына дәрі-дәрмек түрінде гуманитарлық көмек жібереді

0
478

Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия отырысының хаттамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Украинаға гуманитарлық көмек жіберетін болады.

ҚР Үкіметі жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украина халқына медициналық препараттар партиясын бөлу туралы шешім қабылдады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп Алматы-Катовице (Польша) бағыты бойынша гуманитарлық жүкті әуе кемесімен жеткізу мәселесін қарастырды. Украина азаматтарына гуманитарлық көмек 2022 жылғы 14 және 15 наурызда Алматы қаласының әуежайынан екі рейспен жіберілетін болады. Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 28,2 тонна және 17 түрлі дәрі-дәрмектер: антибиотиктер, қабынуға қарсы, антитуссивті және антигипертезивті дәрілер болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here