Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге жылдық 2%-бен жеңілдетілген несие беріледі

0
395

Алматы қаласының мәслихаты «Almaty Business-2025» өңірлік бағдарламасына 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері үшін жаңа несиелік өнім енгізу бөлігінде өзгерістерді бекітті. Жеңілдікті несиелеу 12 айға дейінгі мерзімге жылдық 2%-бен 10 млн теңгеге дейін айналым қаражатын толықтыру үшін қарастырылған. Қарыз кепілге немесе «Алматы» ӘКК» АҚ ішінара кепілдігімен беріледі. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Қаражат жергілікті бюджеттен бөлінген, бағдарлама операторы «Almaty» МҚҰ» ЖШС болып табылады. Кәсіпкерлерге өтінім беру үшін мына мекенжайға хабарласу қажет: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 201 кеңсе, анықтама телефондары: 2810 (ұялы телефоннан тегін), +7 (727) 356-02-80 (қалалық нөмірлерден).

Сонымен қатар, Алматыда зардап шеккен ШОБ субъектілері коммуналдық шығындардан 3 айға, қаланың коммуналдық меншігін жалға алушылар 6 айға жалдау ақысынан босатылды. «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty» МҚҰ» ЖШС-да оларға негізгі қарызды өтеу бойынша мерзім кейінге қалдырылды, 180 күнге дейінгі мерзімге несиелік міндеттемелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар жойылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here