Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

0
2618

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің саяси жүйесін жаңғырту мәселесі баяндалып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстану арқылы мемлекетті демократияландыру үдерісіндегі Президенттің өкілеттілігін қысқарта отырып, Парламенттің төменгі палатасының құзыретін жоғарылату елдің тұрақты жан-жақты дамуына әкеліп, ішкі саяси тұрақтылықты сақтайтыны сөзсіз.

Мемлекет басшысы бірқатар өзгерістер туралы да айтты. Бұл уақыт тарих беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының – Жаңа Қазақстанның бастауы болады. Президент әрбір сөзінде халықтың пікіріне құлақ асып шешім қабылдағанын жеткізді. Соның ішінде жаңадан облыстар құру, оларға Абай, Ұлытау, Жетісу сияқты атау берудің астарында зор мағына бар. Ерекше бір айта кететіні, халық егер қарсы болмаса, Қапшағайдың атауын аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Қонаевтың атына беруді де ұсынды. Күні кеше Қапшағай қаласына ресми түрде Дінмұхамед Қонаев есімі берілді.

Халықтың пікіріне құлақ асатын биліктің әрдайым мәртебесі жоғары болады. Әрине, барлығы бірден болуы мүмкін емес. Сол үшін жасалатын жұмысты билікке артып қоймай, қоғам болып, жастар болып Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Руслан ХАМЗА,
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының атқарушы директоры,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

АТЫРАУ ҚАЛАСЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here