Туристік маусымда Алакөлге 11 пойыз жүреді

0
761

Биыл жазғы демалысын Алакөлде өткізгісі келетіндер үшін тағы бір жағымды жаңалық. Шипалы суымен әйгілі демалыс аймағына жазғы маусымда 11 жолаушылар пойызы қатынайды. Айталық, Алматыдан аптасына екі рет «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның №221/222 Тальго «Алматы-2-Достық» жүрдек пойызы қатынаса, тура осы нөмірлі құрамның жүрдек емес жай пойызы да осындай жиілікпен қатынайды.

Сонымен қатар, жұп күндері №22/6941/6942/41 «Алматы-2-Достық» пойызының ауысып отыруға болмайтын вагондары, «Вагонсервис Алматы» ЖШС-нің № №137/138 «Алматы-Достық» пойыздары аптасына 3 рет, «ТұранЭкспресс» ЖШС-нің №453/454 «Алматы-2- Достық» пойызы да аптасына үш рет қатынайды. Ал, Нұр-Сұлтаннан «Жолаушылар тасымалы» АҚ– ның 2 пойызы аптасына 2 рет және жеке тасымалдаушының 1 пойызы жұп күндері Нұр-Сұлтан-1 және Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол станцияларынан Достыққа қатынайды.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысынан «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Семей-Достық», «Өскемен -Достық» бағдарлары бойынша пойыздары тақ күндері және «Ақтоғай-Достық» пойызы күн сайын жүретін болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here