Самат Нұртаза: «Бұл Екінші Республиканың бастауы болса керек»

0
1524

Менің түсінуімше, қазір Конституцияда «Елбасы» деген ұғым жоқ. Өкілеттіктер жойылды. Бұл «Екінші Республиканың» бастауы болса керек.

Шын мәнінде, жалаң деректермен айтатын болсақ, онда 1991 жылға дейін біз КСРО құрамында, тіпті бұрын Патшалық Ресейдің құрамында болдық. Патшалық Ресейге дейін қазақтар мен Қазақ мемлекеттілігі басқаша болған. Бізде хандар, сұлтандар және билер болды. Яғни, республика болған жоқ, хандық болды. Атын айтып, түрін түстеп шығайық. Мысалы, Қазақ хандығының негізін салушы Керей мен Жәнібек хандар болса, онда Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының негізін қалаушы деп айту қисынды.

Егер ертең Қазақстанның үшінші немесе төртінші президенті елді Қазақ сұлтанатына айналдырғысы келсе, бұл адам республиканың немесе хандықтың емес, сұлтандықтың негізін қалаушы болады.

Самат Нұртаза,
Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшысы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here