Швейцарияда орналасқан Германия қаласы

0
1851

Бюзинген-ам-Хохрайн – Швейцарияның қоршауында қалған Германия қаласы, яғни немістердің  эксклавы. Онда 1,5 мыңдай адам тұрады.

Бюзинген тағдырына қатысты Швейцария мен Германия 1964 жылы ортақ келісімге қол қойды. Келісім бойынша неміс қаласында швейцар полициясы да, неміс полициясы да тәртіпті қадағалайды. Жүз адамға шаққанда біріншісінің саны тоғыздан, екіншісінің саны үштен аспайды.

Бюзинген – швейцарлық франкті қолданатын Германиядағы жалғыз қала. Еуропалық Одақтың ортақ ақшасы еуро да қолданыла береді. Дегенмен, тұрғындарының көбі Швейцарияда  жұмыс істейтіндіктен, онда швейцар валютасына сұраныс зор.

Бюзингенде балабақша мен бастауыш мектеп бар. Баласы төртінші сыныпты аяқтағаннан кейін әрбір ата-ана не неміс, не швейцар мектебіне беруді өздері таңдайды.  Заңдық тұрғыда оған еш кедергі жоқ.

Еуропалық Одақтың 27 елі Шенген келісіміне қол қойып, ортақ коалицияға біріккен. Яғни, Шенген аймағының ішінде шекаралық  бақылау толығымен алынып тасталған. Демек, Бюзинген халқының Германияға қатынауларына еш кедергі жоқ.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here