Өлгендердің мәйітін жерлемейтін қала

0
1877

Лонгйир – Свальбард провинциясының әкімшілік орталығы. Бұл – Жер шарының ең  солтүстігінде орналасқан қала. Норвегиялық қаланың негізін 1906 жылы америкалық кәсіпкер Джон Лонгйир қалады.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін көмір өндіретін шахталарға бай қала болды. Шахталар жабылғанымен, қаланың қайнаған өмірі еш тоқтаған жоқ. Екі мыңнан астам тұрғыны бар қалаға туристер көп келеді.

Өзінің әуежайы, ауруханасы, апталық газеті, мектебі мен университеті бар. Свальбард халықаралық университетінде 400-дей студент оқиды. Соның жартысын өзге елдердің жастары құрайды.

Қаланың ерекшелігі – тұрғындардың мәйітін қала маңына жерлеуге рұқсат берілмейді. Себебі, күннің суық болатынына байланысты адамның денесі жерге сіңісіп кете қоймайды. Содан ақ аю сияқты жыртқыш аңдарды молаға қарай тартады. Соның салдарынан соңғы жетпіс жылда өлген адамның бірде-бір денесі бұл жақта жерленбей келеді. Мәйіттер Норвегияның басқа аймақтарында жерленеді. Ауыр науқастарды да қаланың ауруханасына жатқызбайды. Қалада шілде айында да ауа температурасы 6 градустан артық көтерілмейді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here