16 мамырда 4 пайыздық автонесиеге құжат қабылдау басталды

0
785

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 16 мамыр күні банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдай бастағанын хабарлады.

«Құжаттарды бес банк қабылдайды. Қазір револьверлік негізінде 88 млрд теңге бар және ол айналымда. «ӨКМ Операторынан» аударылатын 100 млрд теңгені де қосамыз», – деп мәлімдеді Роман Скляр.

Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

• сыйақы мөлшерлемесі – 4%;
• несиелендіру сомасы – 10 млн теңгеден артық емес;
• қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан артық емес;
• бастапқы жарна – 0%-дан бастап;
• көлік құралының құны – 15 млн теңгеден аспайды.

Автонесиені екінші деңгейдегі банктер береді. Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Сол бойынша екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс. Сондай-ақ, қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу де енгізілген.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here