Қазақстан мен Мальдив визасыз режим туралы келісімге қол қойды

0
151

Қазақстан Республикасы мен Мальдив Республикасының Үкіметтері арасында визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды. Яғни, екі ел азаматтары Қазақстан мен Мальдив Республикаларына 30 күннен аспайтын мерзімге барып-келуге мүмкіндік алды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан немесе Мальдивке жұмысқа орналасу, білім алу немесе іскерлік мақсатта кіруге ниет білдіргендер тиісті визаны рәсімдеу қажеттігін ескертеді.

2021 жылғы қазан айында Қазақстан мен Мальдив өз азаматтарына екі елдің шекараларын өту кезінде COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамаларын беру міндеттемесінен босататын вакцинация паспорттарын өзара мойындағаны белгілі.

Айта кетейік, Мальдив Республикасы – Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Жер көлемі біздің Теміртау қаласымен бірдей Үнді мұхитындағы аралды елде 402 мың адам тұрады. Демек, халқы өте тығыз орналасқан. Астанасы – Мале. Ел бюджетінің үштен бірі туристер есебінен құралады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here