Екі ел арасындағы теміржол қозғалысы қалпына келтірілді

0
859

Осы аптада «Өзбекстан темір жолы» АҚ «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен келісе отырып, теміржол арқылы жолаушылар тасымалын қалпына келтіре бастады. Бұл туралы Uza.uz ақпарат агенттігі хабарлады.

Көрші ел ақпарат агенттігінің мәліметінше, 15 мамырдан Нөкіс-Бейнеу-Нөкіс бағытында, 16 мамырдан Алматы-2-Ташкент-Алматы-2 бағыты бойынша пойыздар қатынай бастады. Рейстер аптасына үш рет орындалады.

Билеттерді электронды түрде және кассадан сатып алуға болады, ал Қазақстан шекарасынан өту үшін электронды билетті А4 форматындағы қағазға шығарып алу қажет.

Айта кетейік, 2022 жылдың 15 қаңтарында омикрон штамының таралуына байланысты екі ел азаматтарына Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан өтуге шектеу қойылған болатын. 16 наурызда Өзбекстан шекарадағы карантиндік шектеулерді алып тастады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here