Ахметтанушы қаламгердің жаңа кітабы оқырманға жол тартты

0
937

Таяуда  Алматыдағы  Ұлттық Академиялық кітапханада  ақын, жазушы Жұмат Әнесұлының «Тарихи хикаяттар» атты кітабының  тұсаукесері өтті. Бұл кітап  қазақ әліпбиі мен грамматикасының, әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаған, Алаш көсемдерінің бірі Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ  1919-1920- жылдары алғашқы Қырғыз Қазақ автономиялық республикасының құрылуына сіңірген зор қайраткерлік қызметі  баян етілген. Жаңа кітаптың авторы Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлын  үнемі ұлықтауымен оқырмандарға жақсы мәлім. Жұмат ӘНЕСҰЛЫНЫҢ Ахмет Байтұрсынұлының  өмірі мен шығармашылығын, Алаш қозғалысы мен партиясының тарихы баян етілген « Мақтанышы елімнің», Ұлтына ғұмырын арнаған тұлға», «Алаш туын көтергендер атты  тарихи кітаптары Ұлттық кітапхананың  каталогына енген.

Жаңа кітаптың тұсаукесеріне  белгілі ақын Аян Нысаналин, белгілі жазушы , «Балбұлақ» журналының бас редакторы Мағара Қожахметова. Бұрынғы Су шаруашылығының эксминисирі Нариман Қыпшақбаев, белгілі күйші ақын Талап Қараш,және Ахмет Байтұрсынұлының немере туыстары  ғылым докторы Қасым Мәуленов, Бақытжамал Мәуленова, Амандық Шәймерденұлы, документальды кинода А.Байтұрсынлының рөлін сомдаған , Ахаңның немере туысы Болат Назарұлы және басқалар қатысты. Жаңа кітаптың тұсаукесері ің лентасын құрметті ардагер Нариман Қыпшақбаев мырза мен жазушы Мағира Қожахметова қиды.

Суреттерде  Жазушы, «Балбұлақ» балалар журналының бас редакторы М.Қожахметова лента қиып жатқан сәті.(ортада), Кітап авторы кітаптарына қолтаңба беріп жақтан кезі. Ұлттық кітапханадағы жаңа кітаптың тұсаукесеріне қатысқандар – ғылым докторыҚасым Мәуленов, журналист Айжан Саяқбаева, Ахаңның жиені Бақытжамал Мәуленова,  белгілі күйші, ақын Талап Қараш,  Ахаңның немере туысы  Болат Назаров, Ахаңның немере інісі Амандық Шәймерденұлы және алдыңғы қатарда отырған жазушы, жаңа кітаптың авторы Жұмат Әнесұлы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here