Жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 21 897 өтініш түсіп, 8 795 өтініш расталды, деп хабарлайды Өнеркәсіпті дамыту қорының Баспасөз қызметі.
«Бағдарлама 16 мамырда басталғанына қарамастан, екінші деңгейлі банктерге 21 897 өтініш келіп түскен. Оның ішінде сомасы 65,1 млрд теңге болатын 8 795 өтініш расталды» делінген хабарламада.
Қор таратқан мәліметке сенсек, бүгінгі таңда ҚР қалалары мен аудандарында 974 автокөлік шығарылды.