Ақтөбеде үшемге Қасым, Жомарт, Кемел есімдері қойылды

0
100

Ақтөбеде туған үшемді «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында квота алған 35 жастағы ана өмірге әкелді. Қасым, Жомарт, Кемел есімді үшемді өмірге әкелген ана 13 жыл бойы тағы да балалы болуды армандаған.

«Отбасының тұңғышы 13 жаста. Содан бері балалы бола алмаған соң квотаға өтініш берді. Үшемге жүкті болған кезде біз үнемі бақылап, өз қадағалауымызға алдық. Анасы баланы айы-күні жеткенде кесір тілігі арқылы өмірге әкелді. Қазір үш сәби де анасының жанында. Жағдайы жақсы», – дейді облыстың штаттан тыс бас репродуктологы Светлана Есенаманова.

Балалардың салмағы – 2620, 1925 және 2270 грамм. Бұл – үшемдер үшін қалыпты салмақ.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here