Екі ел арасындағы білім мен мәдениеттің дамуына ықпал етер ынтымақтастық

0
947

Бүгін, 5 шілде күні Абай университетінде Сиань Цзяо Тун университетінің (ҚХР) өкілдерімен кездесу өтті. Президенттің орынбасары Вэньхуа Шань бастаған Сиань Цзяо Тун университетінің өкілдерімен кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова, Педагогика және психология институты директорының орынбасары Марфуга Абсатова, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Жадыра Байназар, Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінің басшысы  Наргиза Бекбанова қатысты.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың әртүрлі аспектілері, соның ішінде студенттер мен оқытушылармен алмасу, бірлескен зерттеулер және академиялық бағдарламалар талқыланды. Постдокторантура саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.  Кездесу нәтижесінде университеттер арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Бұл кездесу екі университеттің де білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге деген ұмтылысын көрсететін маңызды оқиға болды. Бұл ынтымақтастық екі университеттің студенттеріне, оқытушыларына және ғылыми қызметкерлеріне тәжірибе алмасуына септігін тигізіп, екі ел арасындағы білім мен мәдениеттің дамуына ықпал етеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here