Референдумның алдын ала қорытындысы жарияланды

0
195

Бүгін ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумның алдын ала қорытындысын жария етті.

«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 986 293 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,06 пайызын құрады. Осылайша, референдум өтті деп есептеуге болады», – деді Нұрлан Мәжитұлы.

Орталық референдум комиссиясы төрағасының мәліметінше, референдумға қатысуға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірлерінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызын немесе 6 163 863 адамды құраған.

«Бұл 17 өңірдің әрқайсысында абсолютті көпшілікті құрап отыр. Осылайша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кемінде үштен екісінде қолдау қажеттігі туралы Конституциялық заң талабы сақталды. Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың жалпы саны дауыс беруге қатысқандардың 18,66 пайызын немесе 1 490 475 адамды құрады», – деп нақтылады Нұрлан Әбдіров.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here