Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданды

0
747

Бүгін, 7 маусымда ҚР Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум қорытындысын жария етті.

«Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адам болса, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 985 769 адамды немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,05%-ын құрады. Осылайша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 31-бабына сәйкес референдум өткізілді деп есептеледі. Респубилкалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі», – деді ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы.

Нұрлан Мәжитұлының айтуынша, елдің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың 77,18 пайызы немесе 6 163 516 адам конституциялық түзетулерді жақтап дауыс берді. Бұл 17 аймақтың әрқайсысында абсолюттік көпшілікті құрайды.

«Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны дауыс беруге қатысқандардың 18,66 пайызын құрады немесе 1 490 477 адам. Осылайша, «Республикалық референдум туралы» заңның 31, 34-баптары негізінде еліміздің негізгі заңына ұсынылған өзгерістер қабылданды деп есептелінеді», – деп нақтылады Нұрлан Әбдіров.

Орталық референдум комиссиясы төрағасының сөзінше, референдум қабылдаған шешімнің міндетті күші болады және актілермен қосымша растауды талап етпейді. Референдумда қабылданған өзгертулер мен толықтырулар референдумның қорытындылары туралы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here