Абай университеті әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде

0
877

Абай университеті QS World University Rankings 2024 беделді рейтингінде қазақстандық ТОП-6 үздік университеттер қатарына енді. Рейтингке әлемнің 104 елінен барлығы 2 963 университет қатысты, олардың 1 500-і рейтингте. Жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингінде Қазақстаннан 21 университет ұсынылған, оның ішінде Абай атындағы ҚазҰПУ былтырғы 6-шы орынды сақтап қалды.

Абай университеті – жоғары академиялық беделімен, оқытудың инновациялық әдістерімен және заманауи инфрақұрылымымен танымал еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Абай университетінің беделді QS World University Rankings 2024 рейтингінде қазақстандық үздік 6 университеттің қатарына кіруі жетекші педагогикалық оқу орнының әлемдік академиялық ортада танылып келе жатқанын көрсетеді.

QS World University Rankings – бұл әлемдегі білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын бағалау үшін жыл сайын өткізілетін университеттердің жаһандық рейтингі. Биылғы жылы жоғары оқу орындарының рейтингтері үш жаңа көрсеткішпен толықтырылған жаңа әдіснама негізінде зерттелді: халықаралық зерттеу желісі, жұмыспен қамту саласындағы нәтижелер және тұрақты даму. Абай университеті барлық үш санатта жарқын нәтижелер көрсетті.

Халықаралық зерттеу желісі – бұл университеттің әлемдік ғылыми қоғамдағы беделін арттыратын негізгі факторлардың бірі. Абай университеті халықаралық серіктестердің кең желісіне ие және әлемнің көптеген елдерінің үздік университеттерімен белсенді ынтымақтастықта. Бұл студенттерге жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оқытушылар мен ғалымдарға бірлескен зерттеулер жүргізуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Жұмыспен қамту нәтижелері QS WUR жаңа әдіснамасындағы екінші маңызды көрсеткіш болып табылады. Абай университеті түлектерінің көпшілігі өз саласында табысты мансапқа ие екенін мақтанышпен атап өтеді. Университет жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтасады және студенттерге тағылымдамадан өтуге, жұмыс орнында тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларға қатысуға мүмкіндіктер ұсынады. Бұл түлектерге табысты мансапты қамтамасыз ететін қажетті дағдылар мен білім алуға көмектеседі.

Тұрақты даму – QS WUR әдіснамасына енгізілген үшінші жаңа көрсеткіш. Университет қоршаған ортаны қорғаудың заманауи технологияларын белсенді түрде қолданады және студенттер мен оқытушылар, жас зерттеуші ғалымдар осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізуде.

Осылайша, Абай университеті QS World University Rankings 2024 рейтингінде үздік 6-шы орынды лайықты түрде иеленді және бұл білім мен ғылыми қызметтің жоғары деңгейінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар университеттің халықаралық қауымдастық арасындағы оң имиджінің дәлелі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here