«Қазақстан халқына» қорының 360 білім беру гранты кімдерге беріледі?

0
192

«Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева білім гранттары бағдарламасының кімдерге арналғанын және шарттарының қандай екенін түсіндірді.

«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарын 2022-2023 оқу жылынан бастап жыл сайын беру жоспарланып отыр:

  1. Конкурстық негізде бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын жоғары білім беру ұйымдарының тізбесіне кірген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқуға талапкерлерге. ЖЖОКБҰ өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім беру гранттары мен стипендияларын беру үшін Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлері:
  • ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлер;
  • ауылдық жерлердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;
  • кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім санатына жататын тұлғалар;
  • мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.
  1. ЖЖОКБҰ студенттеріне іріктеу критерийлеріне сәйкес бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі оқуды жалғастыруға: үкіметтік емес ұйымдар ЖЖОКБҰ-ның жұмыс істеп жүрген студенттері арасында өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша қордың грантына және/немесе стипендиясына үміткер бағдарламаға қатысушыларды іріктеу критерийлері:
  • мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедек болып табылатын студенттер;
  • кәмелетке толғанға дейін жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
  • ауылдық жерлерден аз қамтылған көп балалы отбасылардан шыққан студенттер;
  • 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған толық емес отбасылар қатарындағы студенттер;
  • ата-анасы 1 және 2 топтағы мүгедектер болып табылатын студенттер.

Бағдарлама Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2022-2023 оқу жылынан бастап бір мезгілде іске асырылады. «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарын беру жыл сайын 10 қыркүйектен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

«Конкурс тамыз айында басталады. Қазір ешнәрсе басталып жатқан жоқ. Өйткені, қазір ҰБТ да біткен жоқ. Шамамен тамыз айының 10-нан кейін біздің сайтта хабарлама шығады. Өтінімдерді сол уақыттан бастап қабылдаймыз. Талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы арқылы өтінім береді. Кейін қабылдау комиссиясы үш іріктеп алған студенттің тізімін береді. Сол студенттерге грантпен стипендия бөлеміз», – деді өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Ардақ Қачқарова.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here