Үш жыл бұрынғы ұшақ апаты: Бірнеше шенеунік сотталды

0
181

Алматы облысына қарасты Талғар ауданында бұрын әкімдікте істеген бірқатар лауазымды тұлға сотталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісі хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, 2017-2019 жылдары сотталушылар Қызылту ауылынан тыс жердегі мемлекет меншігіндегі бос жерлерді иеліктен заңсыз шығарған. Шенеуніктер бұл әрекеті арқылы жеке бас байлығын көздеген.

Талғар ауданы сотының 2022 жылғы 10 маусымдағы үкімімен:

– Талғар ауданы әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы бастығы Марат Рыспеков 6 жылға;

– Талғар ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығы Мақсат Тыныбай 6 жыл 3 айға;

– Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі Нұрғали Аппазов 8 жылға;

– Панфилов ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасары Құрманхан Галиева 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талғар ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімі бастығының міндетін атқарған Мадияр Қадыржан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылық аясында бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жазадан босатылды.

Барлық сотталғандар енді мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі мінген ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Bek Air әуе компаниясының ұшағы бетон дуалға құлап, Алматы маңындағы жеке үйді қағып кеткен. Ұшақ апатынан 12 адам қайтыс болды, 69 адам жарақат алды. Әуе кемесінің командирі 57 жастағы Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза болды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here