Халықаралық гуманитарлық құқық бойынша семинар өтті

0
383

Қарулы күштердің минадан тазарту орталығында инженерлік-саперлік қызметке маманданған бітімгерлік бөлімшелердің әскери қызметшілеріне халықаралық гуманитарлық құқық бойынша семинар өткізілді. Сабақтар Қазақстан Қарулы күштерінің бітімгерлік әлеуетін нығайтуға жәрдемдесу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Халықаралық құқықтық зерттеулер әскери институтының мамандары курс тыңдаушыларын бейбіт халықты қорғау жөніндегі БҰҰ тұжырымдамасымен, бітімгерлік операциялар барысында БҰҰ-ның әскери және әскери емес компоненттерінің рөлімен, міндеттерімен таныстырды.

Шетелдік нұсқаушылар бітімгерлік операциялардағы БҰҰ-ның негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен құзыреттерін зерделеу бойынша сабақтар өткізді.

Жекелеген блоктар халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін, гендерлік аспектілерді зерттеуге, шартты сценарий негізінде практикалық сабақтарды ұйымдастыруға арналды.

Семинар соңында минадан тазарту орталығының бағдарламаны табысты меңгерген мамандарына тиісті сертификаттар табысталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here