Енді автонесиені үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады

0
758

Қазақстанда цифрлық автонесие рәсімдеуге арналған жүйе іске қосылды. Бұл қайталама нарықтағы көлікті сатып алуға арналған Қазақстандағы 100% цифрландырылған алғашқы несие бағдарламасы.

Freedom Holding Corp. негізін қалаушы және бас директоры Тимур Турловтың айтуынша, темір тұлпар сатып алу процесінің әр қадамы онлайн режимінде рәсімделеді. Оның ішінде өтініш беру, көлікті бағалау, алу және есепке қою, нөмірді таңдау, кепілді тіркеу және шартқа қол қою бар. Яғни, қазақстандықтарға бұдан былай құжаттар жинап, банк пен ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Банк сайтында телефон нөмірі, ЖСН және машинаның мемлекеттік нөмірін жазу жеткілікті. Бұл ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлескен жұмыстың арқасында жүзеге асып отыр.

Жаңа жоба 10 мемлекеттік органның және 38 сервис пен қызметтердің деректер қорымен интеграцияланған. Осы арқылы жүйе сатушыны тексеріп, машинаны бірнеше минут ішінде тегін бағалайды. Көлік туралы барлық ақпаратты, атап айтқанда, сату тарихын, ЖКО-ға қатысу мүмкіндігін және басқаларын арнайы цифрлық жүйе саралайды. Оған мүлде адами фактордың қатысы болмайды. Сондай-ақ, жүйе кепілзатты үш сатылы бағалайды. Ол авто, сатушы және сатып алушы бойынша қауіп-қатер. Тек содан кейін автонесие мақұлданады.

Несиені 21 мен 63 жас аралығындағы кез келген қазақстандық рәсімдей алады. Бұл ретте цифрлық автонесие бойынша мөлшерлеме 19%-дан 29%-ға дейінгі аралықта.  Несие рәсімдеу мерзімі 7 жылға дейін, бастапқы жарна-20%-дан басталады. Осылайша, құны 1 млн-нан 25 млн теңгеге дейінгі автоларды алуға болады. Бұл ретте көлік маркаларына қатысты арнайы талаптар бар. Сондай-ақ, тізгінделгеніне (Еуропа, Жапония) 15 жылдан және ТМД елдері мен ҚХР-да өндірілген машиналарға 3 жылдан аспаған автокөліктер рәсімделеді.

Аталған жүйе бойынша несиені өтеудің бірнеше нұсқалары ұсынылған. Мәселен, клиент мөлшерлеме бойынша және мерзімі бойынша қолайлы нұсқаны таңдай алады.  Бастапқы жарнаны онлайн төлеген кезде мөлшерлеме 0,5%-ға төмендейді.

Қазақстандықтар цифрлық несие арқылы деректер базасында ұсынылған нөмір немесе VIP нөмір таңдай алады. Ең оңтайлысы, несиені сәтті рәсімдегендерге көліктің мемлекеттік нөмірі курьер арқылы жеткізіледі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here