«Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын бастады

0
2694

«Жасыл ел» еңбек жасағы өз жұмысын 2005 жылы бастаған. Жоба аясында жастар экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғау бағытында тер төгіп келеді. Осы жылдар ішінде облысымызда 30 мыңға жуық жас еңбек еткен. Олардың арасында өз бақыттарын тауып, шаңырақ көтергендері де баршылық. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа өзінің Facebook парақшасында жазды.

Серікбол Қайратұлының жазуынша, «Жасыл ел» – тек тазалықты сақтап қана қоймай, достық ортаны да қалыптастыруға, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жоба.

«Биылғы жылы да бұл жоба өз жалғасын тауып, облысымызда 2 мыңға жуық жасты маусымдық жұмысқа тарту жоспарланған. Жоспар бойынша жастар бекітілген кестеге сәйкес ай сайын жұмыс атқаруда. Маусым айының басында республикалық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының салтанатты ашылуы өткен болатын. Міне, бүгін облыстық жасақтардың да маусымы ашылып, жастарымыз өз жұмыстарын бастап кетті», – деп нақтылады Жамбыл жастарын бастап жүрген басқарма басшысы.

Серікбол Қайратұлының мәліметінше, «Жасыл ел» сарбаздары қараша айына дейін маусымдық жұмыстарға тартылып, қосымша мәдени-көпшілік, спортық және т.б. іс-шаралармен қамтылады. Жыл қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here