Сүйінші! Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

0
908

Қостанай қаласындағы Халықаралық әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың осыған қатысты Қаулысы НҚА ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Әуежайға Ұлт ұстазының есімін беру туралы бастаманы алғаш әуежай қызметкерлері көтерді. Кейін бұл ұсыныс депутаттар мен жергілікті тұрғындар тарапынан да қолдау тапты.

Айта кетейік, Ахмет Байтұрсынұлының есімін иеленіп отырған Қостанай халықаралық әуежайының негізі 1970 жылы қаланған. 250 мың халқы бар Қостанай қаласынан екі шақырым арыда орналасқан. Әуежайда жылына 1,7 мыңдай рейс орындалып, 200 мыңдай жолаушыны тасымалдайды. 2018 жылы толықтай Қостанай облысы әкімдігінің меншігіне өтті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here