Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті

0
202

Қорғаныс министрлігінде министр генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен әскери қауіпсіздік мәселелеріне арналған Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті.

Оған Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары Мұрат Баймұқашев, ведомствоаралық комиссияның мүшелері, күштік құрылымдардың, Сыртқы істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Төтенше жағдайлар және Ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері қатысты. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына байланысты 2022 жылға арналған қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілерді сатып алуды жоспарлау, ұйымдастыру және әртараптандыру мәселелері қаралды.

Бұдан өзге ведомствоаралық комиссияның мүшелеріне әскери жоспарлаудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының іске асырылу барысы, сондай-ақ әлемдегі және өңірдегі геосаяси ахуалдың өзгерістерін ескере отырып, оларды реттеу туралы ақпарат берілді. 

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға алдын алу шараларын қабылдау бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді. Аталған ұсынымдар әлемдік нарықтардың теңгерімсіздігі жағдайында қайта жарақтандыру қарқынын қолдауға, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің өндірістік-технологиялық әлеуетін сақтауға, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың кешенді және жүйелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here