Орыс тілін оқытудағы ойын технологиясының рөлі

0
2862

Мақалада орыс тілін оқыту сабақтарында ойын технологиясын қолдану әдістері мен тәсілдері, ойынның түрлері (дайындық  ойындары, шығармашылық ойындары, іскерлік ойындар) бар. 

«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе сияқты, сол арқылы баланың рухани байлығымен жасампаз өмірімен ұштасып, айналасындағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген атақты педагог В.А.Сухомлинский. Сабақта қолданатын ойындар алуан түрлі. Ойынның бір ерекшелігі, ол балалардың сабақта өздерін еркін ұстауына, ойларын қысылмай айта алуына мүмкіндік береді.

Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Әр түрлі топтарда орыс тілі сабағын қызықты етіп өткізу үшін сабақтарда мынандай ойындар қолдануға болады:

  • Фонетикалық ойындар;
  • Әріптерге байланысты ойындар;
  • Оқу ережесіне байланысты ойындар;
  • Сөйлеу қабілетін дамытуға байланысты ойындар;
  • Грамматикалық ойындар;
  • Лексикалық ойындар.

Ойындарды екіге бөлуге болады.

Бірінші тарау сөйлеу қабілетін дамытатын грамматикалық, фонетикалық, лексикалық және орграфикалық ойындар жатады. Грамматикалық ойындардан кейін лексикалық ойындар жүреді. Фонетикалық ойындар сөйлеу қабілеті мен білігін дамыту кезеңінде дыбыстарды дұрыс айтып үйренуге арналған. Ең соңында жүргізілетін орфографиялық ойындардың мақсаты – лексика бойынша оқылған сөздердің дұрыс жазылуын  үйретеді.   

Екінші тарау «Шығармашылық ойындар» деп аталады. Бұл ойындардың мақсаты – сөйлеу қабілетінің ары қарай дамуына ықпал ету.  Тез ойлауға, қарым-қатынаста ойланбай жауап қайтаруға, әр түрлі жағдайлардан тез шығуға көмектеседі.                                             

Дидактикалық ойындар оқушылырдың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін артуымен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Балалар ойын ойнау барысында үйренген  сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді. 

Іскерлік ойындар – оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытатын тиімді тәсіл. Сабақ барысында іскерлік ойындарды қолдану арқылы балаларға сөйлеуді үйретеді. Мұндай ойындар оқушылардың жасқаншақтық, ұяндық қасиеттерін жойып, оның қиялына ерік береді.

Ойында келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі, баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттерінің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әр түрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.

Қорыта келгенде,  мектеп оқушылардың білім, білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне ойындар көп көмек береді.  Олар арқылы түрлі дағдыларды меңгеру барысында оқушылар белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, қорытынды жасауға дағдыланды. Орыс тілі сабақтарында дұрыс ұйымдастырылып, пайдаланылған ойындар балалардың таным-түйсігіне жағымды әсер етіп,алған білімдерін жаңа жағдайларда шығармашылықпен қолдана алуына ықпал етеді. Ойын баланың ой –өрісін дамытады. Икемділік, сергектілік, тапқырлыққа шақырады. Ең бастысы ойынды мазмұнды, қызықты ету, ой-санаға лайықты ету ойыншының өз қолында.

Кыстаубаева Камшат БОЛАТКАНҚЫЗЫ,
Күреңбел қазақ орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ,
САРЫӨЗЕК АУЫЛЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here