Мемлекеттік рәміздер: Қолдану және насихаттау жұмыстары

0
3075

Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Геральдикалық жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану (орнату, орналастыру) бойынша республикалық оқыту семинары өтті.

Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Төрағасының орынбасары Ақтілек Бертағыұлының алғысөзімен ашылған семинар ҚР Мемлекеттік рәміздер саласындағы нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген талаптарды орындау, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, насихаттау және қолдану тәртіптері туралы әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді.

Семинарда Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Байжұма өзі басқарып отырған орталықтың ведомстволық наградалардың бірыңғай критерийлерін әзірлеу, Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді қолдану және насихаттау мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жұмыстарымен таныстырып, қазір осы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу шаруасына кірісіп жатқандарын, орталыққа ұдайы геральдикалық сараптама жүргізіп отыру міндеті жүктелгенін айтты.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының атқарушы директоры Руслан Хамза мен Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Айдос Тұрсынбайұлы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңына, Үкіметтің айқындалған ережелер мен қағидаларына тоқталып, соңғы жылдары Мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны қорлау деректері жиі кездесетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, олар бұл жағдайда қылмыстық және әкімшілік кодекстерде қарастырылған айыппұлдарды еске сала отырып, ZOOM арқылы қатысқан облыстық, қалалық, аудандық Ішкі саясат басқармалары мен бөлімдерінің өкілдеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақтілек Тәжі алдағы уақытта әр өңірге арнайы барып, Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жұмыстары одан әрі жалғасатынын айтты.

Гүлдана АРГЕНОВА,
Геральдикалық жұмыс басқармасының бас cарапшысы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here