«ZHANTAQ tea» сусыны отандық нарыққа шықты

0
5217
«ZHANTAQ tea» сусынына қатысты сұрақтарыңыз болса, хабарласыңыздар: +7 777 007 77 87

Ықылым заманнан ата-бабамыз ұлттық сусын ретінде қымыз бен шұбатты пайдаланған. Қазір бұрынғыдай торсықпен, сабамен ішпесе де, ұлттық сусынды үзген емес дастарханынан. Төрт түліктің төресі түйенің сүті мен етінің пайдасының мол екені де белгілі. Ал, түйе жейтін жантақтың да пайдасы барын жақында жарыққа шыққан «ZHANTAQ tea» сусыны дәлелдеп берді. Қазақшалап айтсақ, «Жантақ шәй». Бұл – жаңа отандық өнім. Ғасыр тарихы бар «Qazaq» газеті бүгін жаңадан қазақстандық нарыққа шыққан «ZHANTAQ tea» компаниясына тиесілі түйе тікенді өнімнің артықшылығына, оның ішкі нарыққа қашан шыққанына тоқталады.

Түйе тікенді сусын Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында өсетін жантақ пен артезиан суының қосындысынан дайындалады. Құрамында ГТО, қоспалар мен консерванттар жоқ табиғи сусынды өндіру жұмыстары осыдан төрт жыл бұрын басталған

ЖАНҒА ДӘРУ ЖАНТАҚТАН ЖАСАЛҒАН ОТАНДЫҚ ЖАҢА СУСЫН

Жантақ – бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Бұл шөптің суыққа қарсы әрі ыстық түсіретін, жөтелді басатын, жараның аузын жиыратын, зәр айдайтын, іш қатуын болдырмайтын қасиеттері де бар екен. Құрғақшылыққа төзімді бұл өсімдік шөл және шөлейтті аймақтарда кездеседі. Биіктігі 40-60 см болады. Тамыры 4 метр тереңдікке жайылатындықтан, ыстыққа өте төзімді. Жантақты бауыр, асқазан, ангина мен жараны емдеу үшін кеңінен қолданады, іш және тіс ауруына да таптырмас ем. Тер басатын, шөл қандыратын қасиеті тағы бар.

Жантақтың осындай емдік қасиеттерін толық зерттеген «ZHANTAQ tea» компаниясы әлемде баламасы жоқ әрі денсаулыққа пайдалы сусын ойлап тапты. Барлық қажетті сынақтан сәтті өткен отандық өнім халықаралық стандартқа сай келеді. «Халал» сертификаты да бар. Сондай-ақ, сусынды өндіру, тасымалдау, сақтау кезінде қоршаған ортаға экологиялық зиян келмейтініне кепілдік беретін KAZ ECO PATROL экологиялық сапа белгісін де алған.

Ұзақ жылдар бойы ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүргізген «ZHANTAQ tea» компаниясының маркетологы Әлібек Маусымбаев жантақтан сусын дайындау идеясы қалай пайда болғанын айтты.

«Түйе тікенінің пайдалы қасиеттері туралы Авиценна деп танылған парсы ғалымы Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллахтың еңбектерінде жазылған. XIX ғасырда көрнекті ғалым Александр Шренк қазіргі Қазақстан аумағына жасаған экспедициясы кезінде түйе тікенінің емдік қасиеттерін зерттеп, ауқымды жұмыс жүргізген. Кейінірек бұл зерттеуді өсімдіктің химиялық құрамы мен сипаттамаларын анықтаған кеңес ғалымдары жалғастырды. Біз түрлі зерттеулерге қарап, ерекше сусын жасасақ деген ойға келдік», – дейді Әлібек Маусымбаев.

Маркетологтың айтуынша, бұрындары адамдар ұзақ жерлерге саяхаттаған кезде үнемі сапалы су ішуге мүмкіндігі болмаған. Сол кезде адамдар жантақты қайнатып қолданған. Бұл сусын саяхатшының бойына күш берген.

«Түйе тікенінің өзі емдік қасиеттерге ие әрі антиоксидант болып саналады. Өсімдік қанды сұйылтып, қан тамырларын тазартады. Адам ағзасына қажетті 20 аминқышқылдың 13-і осы сусында бар, олардың 8-і адам денсаулығы үшін маңызды», – деп санайды Әлібек Маусымбаев.

ЖАҢТАҚТАН СУСЫН ШЫҒАРУ КІМНІҢ ОЙЫНА КЕЛДІ?

Түйе тікенді сусын Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында өсетін жантақ пен артезиан суының қосындысынан дайындалады. Құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер, қоспалар мен консерванттар жоқ табиғи сусынды өндіру жұмыстары осыдан бес жыл бұрын басталған.

«Жұмысты 2018 жылы бастадық, біз 4 жыл бойы Қазақ тағамтану академиясымен тығыз жұмыс істедік. Түрлі ғалымдармен кездесіп, олардың сусындар мен тамақ өнімдері туралы кеңестерін алдық. Жантақ өндірісінде көп уақытымыз сапалы су іздеумен өтті. Еліміздің барлық аудандары мен облыстарын ұзақ уақыт зерттедік. Соңында артезиан суына тоқталдық. Өз ұңғымамызды жасадық. Пластикалық бөтелкелердің орнына ақ кристалды шыны және қорғаныш алюминий қабығы бар қақпақтарды қолданамыз деп шештік. Бірқатар зертханалық зерттеулердің нәтижесінде жантақтың токсиндерді шығаратындығы дәлелденді», – дейді «ZHANTAQ tea» компаниясының негізін қалаушы әрі директоры Жанат Сабдалинов.

Әлемді жайлаған пандемиядан кейін көптеген адамдар күнделікті тамақтануына мән беріп, пайдаланатын өнімдерінде табиғи ингредиенттердің болуына баса назар аудара бастаған екен.

«Жантақтан дайындалған сусынды күн сайын іше беруге болады. Әсіресе,  бұл сусынның ковидпен  ауырған адамдар үшін пайдасы зор, өйткені ковидтен кейін қан жиі қоюланып, адамдардың қалыпқа келуі ұзақ уақытқа созылады. Біздің сусынды пайдаланып, денсаулығын жақсартқан жандарды көп кездестірдік», – дейді компания басшысы.

Компанияның ендігі мақсаты – ел аумағының бүкіл нарығын қамту. Одан кейін отандық өнімді жаһандық нарыққа шығаруды көздейді. Бүгінде сусын Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Тараз және Көкшетау қалаларында сатылымда бар.

«2021 жылдың қыркүйегінде біз сусынды сатылымға шығара бастадық. Сатылым жағынан өніміміз сұранысқа ие. Біздің «ZHANTAQ tea» сусыны қазіргі тұтынушының сұранысына сәйкес келеді. Бүгінде біздің бренд дамып жатыр, жақын арада емдік-профилактикалық сауықтыру сусындары саласында үлкен жетістікке жетеміз деп үміттенеміз. Біздің бірегей өніміміз ұлттық сусындар қатарына қосылатынына сенімім мол», – деп өзінің ойымен бөлісті Әлібек Маусымбаев.

ЖАҢА ӨНІМНІҢ ӨЗГЕ СУСЫНДАРДАН АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

«ZHANTAQ tea» дайындалатын жантақ түрі әлемде еш жерде кездеспейді екен. Осы өсімдік түрінен жасалатын отандық сусынның жарамдылығы – 14 күн. Әсіресе, бұл өнімді зияны көп өндіріс орындарында жұмыс істейтін адамдар қолданса, олардың денсаулығын қалпына келтіруге көмегі мол.

Аталған өнім инсульт пен инфаркттан қорғануға, иммундық жүйені күшейтуге, қан тамырларын нығайтуға, ағза жұмысын жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ, ағзаны токсиндерден тазартады, сергітеді. Бүйректен құм мен тастарды кетіруге жақсы әсер етеді, ас қорытуды жақсартады.

Жанды жандырататын сусынды жастар мен қарттар да,  спортшылар мен кеңсе қызметкерлері де, сырт келбетін күтетін жандар да және диабетиктер мен аллергиясы бар адамдар да қолдана береді. 

Жантақ шәйі – құрамында барлық пайдалы дәрумендер мен аминқышқылдары бар шөлді басатын тамаша өнім. Бүгінде сусынның екі түрі бар: қантпен (Sweet Light) және қантсыз (Classic).  

Компанияның тағы бір ерекшелігі – сусынды шыны ыдыспен шығарады. Осы арқылы ең алдымен сусынның барлық пайдалы қасиетін сол қалпында сақтауды ойласа, екіншіден қоршаған ортаны қорғауды көздейді. Оған қоса, шыны сусын құрамына әсер етпейді, тотықпайды, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Өнімді шығарудың өзіндік құны қымбат болса да, компания адам денсаулығын алдыңғы қатарға қойып отыр.

«ZHANTAQ tea» сусынын өзіміздің Мойынқұм ауданында өсетін жантақтан жасап жатқанын естіп, қатты қуандым. Бұл отандық өнім әрі халал, әрі пайдалы. Одан кейін өнімнің атын «Жантақ» деп қойғаны үшін ризамын. Бұл шөпті түйе жейді, оның сүті де, еті де құнарлы. Ал, жантақтан дайындалған табиғи сусынның пайдасы одан да көп», – деп ой бөлісті Жамбыл облысының имамы Орынбасар Орынбайұлы.

ТОБЫҚТАЙ ТҮЙІН

Жаһандану уақытында алдыға ақша емес, адам өмірін, денсаулығын қоятын компаниялар азын аулақ. Соның бірі – табиғи да пайдалы сусын ұсынып отырған «ZHANTAQ tea» компаниясы. Ал, «ZHANTAQ tea» сусынын сатып алу арқылы отандық өнімге қолдау көрсететінімізді әсте ұмытуға болмайды. Себебі, ел экономикасын дамытып, әлеуметтің әлеуетін арттыру барысындағы іске тұтынушылар да қомақты үлес қоса алады. Ол үшін өзге елден экспортталып келетін немесе елімізде өндірілсе де, шетелдік бренд болып табылатын «Coca-Cola» сияқты сусындарды сатып алудың орнына өзімізде өндірілетін «ZHANTAQ tea» сияқты отандық өнімдерге басымдық берсек, одан ұтыс көп.

Жансая ШЫҢҒЫСХАН

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here