Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында тікелей әуе рейсі ашылады

0
1005

Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында аптасына бір рет қатынайтын әуе рейсі іске қосылады. Рейстер RRJ-95 типті ұшақтармен орындалады.

Ресейлік «Азимут» әуе компаниясы 2022 жылдың 8 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына бір рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр. Билет әуе компаниясының ресми сайтында сатылады.

Рейс «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасын» іске асыру шеңберінде ашылып отыр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here