Қаңтар оқиғасы бойынша барлығы 474 қылмыстық іс сотқа жолданды

0
438

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары Нұрлыбек Сәбитов қаңтар оқиғасының нәтижесінде 5 мыңнан астам сотқа дейінгі тергеп-тексерулер тіркелгенін мәлімдеді. Айталық, қиратулар, мемлекеттік нысандарды өртеу, мүліктерді жою және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалды.

«Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, автокөліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірген және тонаулар жасаған. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді бұғаттау үшін олар полиция органдарының ғимараттарына шабуылдаған. Жаппай тәртіпсіздіктерге ұйымдасқан қылмыстық топтар, деструктивті діни ағымдардың мүшелері және бұрын сотты болған адамдардың қатысқаны арнайы прокурорлармен анықталды. Бүгінгі күні барлық қылмыстық істер бойынша 286 күдікті қамауда. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруға, мемлекеттік объектілерге және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсенді түрде қатысқандығы анықталды. Әрбір қамауға алынған адам бойынша олардың қылмыстарға қатыстылығы туралы жеткілікті мәліметтер бар», – деді Арнайы прокурорлар қызметі бастығының орынбасары.

Нұрлыбек Мұқашұлының айтуынша, олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмек және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде. Ал, қаңтардағы оқиға бойынша барлығы 474 қылмыстық іс сотқа жолданды. Сол бойынша 717 адам сотталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here