Қытайдағы 74 метрлік Шай мұражайы

0
915

Мейтан – Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Гуйчжоу провинциясындағы қала. Қытай жапырақты шайының отаны саналады. Айналасы толған шай плантациялары. 2010 жылы жанды жадыратып, шөлді басатын сусынды өндіретін өңірде шәйнек пен кесе кейпіндегі Шай мұражайы ашылды. Сол жылы сәулеті ерекше ғимарат Гиннестің рекордтар кітабына енді. Тауда орналасқан ғимараттың биіктігі 74 метрді, ауданы 5 мың шаршы метрді құрайды. Яғни, алып ғимарат алыстан көрінеді.

Ғимараттың ішінде 27 бөлмелік төрт жұлдызды қонақ үй, мейрамхана, сурет галереясы мен би алаңы да бар. Жоғарғы қабатында мұражайдың өзі орналасқан. Онда шайдың тарихымен, оны өндіру мен дайындаудың құпияларымен танысуға болады. Дүйсенбіден басқа күндері мұражайдың есігі қонақтарға айқара ашық. Шыға берісте жоғары сапалы шайдың біраз түрі сатылады. Ал, 74 метр биіктікте орналасқан көру алаңынан қарағанда Мейтан алақандағыдай көрінеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here