Енді декреттік төлемдерді eGov арқылы рәсімдеуге болады

0
690

Жүктілікке, босануға және жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтінішті енді eGov.kz порталы арқылы беруге болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

«Өтініш беру үшін басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға көмек» тармағындағы тиісті қызметті табу керек. Кейін порталда авторизацияланып, онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық міндетті қатарларды толтыруы, талап етілетін файлдарды тіркеуі және ұсынылған нұсқалардың бірімен өтінімге қол қоюы қажет», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Өтінімді eGov.kz порталында қарау мерзімі 8 жұмыс күнін құрайды. Сомасы көрсетілген төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы жауап жеке кабинетке жіберіледі. Оны «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен көруге болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here