Қандастарға мемлекеттен қандай көмектер беріледі?

0
500

Қандас мәртебесін алуға немесе ұзартуға, сондай-ақ қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті этникалық қазақтар жергілікті атқарушы органдарға, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚға және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы ҚР Үкіметі қандастарды қоныстандыру үшін айқындаған өңірлерге бөлінеді. Олар:

  • Ақмола облысы;
  • Атырау облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

Бұл ретте өңірлік квотаға енгізілген қандастарға көшуге (отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК-тен (214 410 теңге) біржолғы төлем) және 12 ай ішінде жалдау шығыстарын жабуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге (отбасына 15-тен 30 АЕК-ке (45 945-91 890 теңге) дейінгі мөлшерде) субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді. Сонымен қатар, қандас мәртебесін алған этникалық қазаққа келесі қызметтер көрсетіледі:

  • ел аумағына кіру кезінде көлік құралдарын қоса алғанда, жеке пайдалануға арналған мүлікке кедендік төлемдерді төлеуден босату;
  • қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында тегін бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерімен қамтамасыз ету;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу ұйымдарына оқуға түсуге квота шеңберінде білім алу (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін квота 4% мөлшерінде белгіленген);
  • Қазақстан азаматтарымен тең жағдайда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға өтініш беру мүмкіндігі.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері 9 077 этникалық қазақ Қазақстанға оралып, қандас мәртебесін алды. Ал, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 млн 96,9 мың этникалық қазақ оралды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here