Ана мен баланың жағдайын жақсартатын Әлеуметтік кодекс қабылданды

1
1701

Елімізде «Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II-ші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналар үшін жәрдемақы мөлшері 6,4 АЕК-тен 7,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Әлеуметтік кодекс жобасында ана мен баланы қолдаудың бірнеше нормасы бар. Атап айтқанда:

  • Бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылады. Төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда, оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталады;
  • Бала дүниеге келгенге дейінгі соңғы 2 жылда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 6 айдан аз уақыт қатысқан ата-аналар жұмыс істемейтін адамдармен қатар республикалық бюджеттен төленетін бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы алады;
  • 6 немесе 7-ден көп бала туып, тәрбиелеген көпбалалы аналарға құрмет ретінде наградталған аналар мәртебесі белгіленеді. Қазір олар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады;
  • Мүгедектігі бар балаларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке көмекшілерге зейнетақы тағайындау кезіндегі жұмыс өтіліне қосу үшін 2023 жылдан бастап зейнетақы жарналары жүзеге асырылады;
  • АӘК алатын балаларға қосымша төлем белгілеу арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтама монетизацияланады.

«Отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесі әртүрлі өмірлік жағдайларды көздейді және МӘСҚ-тен жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемді, бала тууына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыны, мемлекеттік бюджеттен жұмыс істемейтін әйелдер үшін және МӘСҚ-тен жұмыс істейтін әйелдер үшін жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға отбасының табысы есепке алынбай төленетін жәрдемақыны қамтиды», – деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, әйелдерге баласы бір жасқа толғанға дейін орташа айлық табысының 10 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген.

Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекс жобасын әзірледі. Жобаның мақсаты – әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру және дамыту, соның ішінде нормаларды халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес келтіру, отбасын, ана мен баланы қолдауды дамыту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесіндегі менеджменттің тиімділігін, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесі мен кәсібилігін арттыру, Қазақстан Республикасында әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу практикасын енгізу болып табылады.

1 пікір

Байболат Жұлдыз Абдирасилқызы үшін пікір үстеу Жауапты белгілеу

Please enter your comment!
Please enter your name here