12-қабаттан секірген жасөспірім қайтыс болды

0
477

24 қыркүйекте сағат 15:54-те Тараз қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Абай даңғылының бойында 14 жастағы кәмелетке толмаған баланың 12-қабаттан секіргені туралы ақпарат түсті. Жасөспірім оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталуда. Оның өлім алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейтін болады.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here