ТОП-05: Әлемдегі ең үлкен стадиондар

0
4067

Нарендра Моди атындағы стадион – әлемдегі ең үлкен стадион. Үндістанның батысындағы Гуджарат штатына қарасты Ахмедабад қаласындағы стадионның сыйымдылығы 132 мың адамды құрайды.

Крикет спортына арналған стадион 2020 жылы ашылып, Үндістанның қазіргі премьер-министрінің есімін алды. Бұрын бұл стадионның орнында 49 мың орындық «Мотера» стадионы болды. 1983 жылы негізі қаланған стадион 2015 жылы сүріліп, осы Нарендра Моди атындағы стадион салынды.

2020 жылға дейін Пхеньяндағы (Солтүстік Корея) Бірінші мамыр атындағы стадион әлемдегі ең үлкен стадион саналып келді. 1989 жылы ашылған стадионға 114 мың адам сыйып кетеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here