«AMANAT» партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке ұсынды

0
591

Бүгін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну шешімі қабылданды.

Съезд барысында 7 адам жарыссөзге шығып, олардың барлығы да алдағы кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады және партияластарын да қолдауға шақырды. Осыдан кейін делегаттар Қазақстан Республикасының президенттігіне «AMANAT» партиясының кандидаты ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсыну мәселесін талқыға салып, бірауыздан қолдау көрсетті.

«AMANAT» партиясы XXIV съезінің шешімімен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынылады», – деді съезд шешімін жариялаған «AMANAT»  партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here