Осы сайлауда президент бір мерзімге ғана сайланады

0
1253

20 қараша күні сайлаушылар Қазақстан президентін жеті жылға және бір мерзімге ғана сайлайды. Яғни, қайта сайлануға тыйым салынады. Конституцияға тиісті түзетулер таяуда ғана енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент мандатын 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынған болатын. Көп ұзамай Парламент депутаттары Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қолдап дауыс берді. Артынша Президент қол қойды. Бұған дейін Қазақстан президенті бес жылдан екі мерзімге сайлану құқығына ие болып келді.

Айта кетейік, президенттік өкілеттілік мерзімін ұзарту – посткеңестік кеңістік үшін қалыптасқан дағдыға айналды. Мысалы, 2020 жылы Ресей Федерациясының Конституциясына түзетулер енгізіліп, Путиннің президенттік мерзімі нөлге теңестірілетін заң күшіне енді. Бұл жолмен оңтүстіктегі көрші ел Өзбекстан да жүргісі келеді. Осылайша, Қазақстан президент мандатын бір мерзіммен шектеген посткеңестік кеңістіктегі жалғыз ел атанды. Мұндай норма 2010-2021 жылдары Қырғызстан Конституциясында да болған еді. Дегенмен, жыл басында Садыр Жапаровтың бастамасымен жаңа Конституция қабылданып, бұл норма Қырғызстанда күшін жойды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here