Студенттердің шәкіртақысы қаншаға артты?

0
310

Жоғары оқу орындарында студенттерге төленетін төлемді өзгерту туралы Үкімет қаулысы күшіне енді. Соған байланысты елімізде ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы мөлшері ұлғайтылды.

Енді университет студенттері 31 423 теңгенің орнына 36 660 теңге алады. Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы 8 400 теңгеге артып, 58 800 теңгені құрады. Интерндерге – 66 403 теңге, магистранттарға – 86 987 теңге төленеді. Бұрын 143 750 теңге алып келген «Назарбаев Университетінің» магистранттарына 162 500 теңге беріледі.

Докторанттар мен «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ал «Денсаулық сақтау» дайындық бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға 100 036 теңге төленеді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2018-2019 оқу жылында 53 мың білім гранты бөлінсе, 2022-2023 оқу жылында Президент тапсырмасымен бұл көрсеткіш 73 мың грантқа дейін артты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here