Нұржан Әлтаев президенттікке кандидат ретінде неге тіркелмеді?

0
512

Астана қаласы Байқоңыр ауданының соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевты президенттікке кандидат ретінде ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп таныды.

«Қоғамдық бірлестіктің жалпы жиналысында оның кандидатурасын ұсынуға 6 адам қолдап дауыс берсе, 11 адам қарсы болған. Осылайша, жалпы жиналыс кезінде РҚБ мүшелерінің көпшілігі оны РҚБ атынан кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынуға «қарсымын» деп дауыс берді», – делінген Астана қаласы сотының сайтында.

Сот жалпы жиналыстың хаттамасы РҚБ жарғысының талаптарына қайшы келеді және шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді. Бұған қоса, жалпы жиналысқа қоғамдық бірлестіктің мүшесі емес және дауыс беру құқығы жоқ адамдар да қатысқан. Содан Байқоңыр ауданы сотының шешімімен республикалық қоғамдық бірлестіктің жалпы жиналысының хаттамасы жарамсыз деп танылды.

Айта кетейік, Нұржан Әлтаев «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын ұсынған болатын. Алайда, көп ұзамай ОСК-ға РҚБ-ның бірқатар филиал басшыларынан хаттаманың бұрмаланғаны туралы арыз-шағым түсті. Осыдан кейін ОСК оның кандидатурасын қарау процесін уақытша тоқтатты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here