28 қазан күні баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2022» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды. Ашылу салтанатын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауымен бастады. Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатысты. Осы жылы шорт-листке 52 номинант кірді.
Салтанатты рәсімде номинациялар бойынша журналистика саласындағы беделді сыйлық жеңімпаздарының есімдері аталды. Олар:
- Жылдың үздік фотосуреті: Мейірбек Тажкуранов – Zakon.kz;
- Жылдың үздік репортажы: Анар Қоныс – Aikyn.kz;
- Әлеуметтік тақырыптағы үздік материалы: Наима Нұрәлі – Halyq-uni.kz;
- Жылдың үздік аналитикалық материалы: Валентина Қозыбақова – «Маңғыстау» газеті;
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Қазбек Құттымұратұлы – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті;
- Жылдың үздік сұхбаты: Ая Өміртай – Halyq-uni.kz;
- Халықаралық тақырыптағы үздік материалы: Сауле Исабаева – Qmonitor.kz;
- Радиостанциядағы үздік жоба: «Ой-түйін» – Qazaq radiosy;
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Zakon.kz;
- Үздік өңірлік БАҚ: «Saryarqa samaly» газеті;
- Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия: Әйгерім Бегімбет – Еrnur.kz;
- Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия: «Қырғыз әдебиеті» жобасы – «Таң-Шолпан» журналы;
- Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия: Қали Сәрсенбай – «Ана тілі» газеті.
Жеңімпаздарға «URKER» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталды.
Айта кетейік, байқау ұйымдастырушылары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.