Мейрам Қажыкен Абай облысының кәсіподақ жетекшілерімен жүздесті

0
511

Бүгін, 1 қараша күні Семейде Қазақстан президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Абай облысының кәсіподақ жетекшілерімен жүздесті. Олар әскери қызметшілердің, денсаулық сақтау саласының, ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызметтегі жұмысшылардың мүдделері жайында әңгіме қозғады. Бұл туралы кандидаттың штабы хабарлады.

Бастапқыда кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Пікір алмасудың негізгі бағыты азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде тәуелсіз кәсіподақ қозғалысының дамуы болды. Осыған байланысты Мейрам Қажыкен түрлі саладағы жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары және мүдделерін қорғау жөніндегі ұйымдарды қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау қажеттігін атап өтті.

«Кәсіподақтардың мәртебесін көтеріп қана қоймай, нығайту керек деп санаймын. Бұл – менің ұстанымым. Мемлекеттік және жұмыс беруші ұйымдар арасындағы қатынастарда кәсіподақтардың тәуелсіздігіне қол жеткізу керек. Кәсіподақтарды қоғамдық ұйым ретінде саяси және экономикалық шешімдер қабылдау жүйесіне тарту қажет», – деп пікір білдірді Мейрам Қажыкен.

Кандидаттың айтуынша, жұмыс берушілер де, кәсіподақтар да мемлекетпен тең дәрежеде болатын әлеуметтік әріптестікті дамыту қажет. Олар бөлек әрекет етсе, өз мүдделерін қорғай алмайды, ал бірігу арқылы мемлекеттік органдармен, әсіресе үкіметпен диалогта өз құқықтарын қорғау мүмкіндігі пайда болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here