Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысын аралады

0
344

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысына барды. Бұл туралы кандидаттың штабы хабарлады.

Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе қаласындағы «Жаңақоныс-4» және «Батыс-2» проблемалық тұрғын үй алаптары бойынша рейдке қатысты.

«Жергілікті тұрғындардың шағымдануына себеп көп екен. Мәселен, жаңақоныстықтар 2018 жылдан бастап газдың берілуін күтуде. Жергілікті билік қыркүйек айының соңына дейін газ тартуға уәде берген. Алайда, газ әлі күнге дейін пайдалануға берілмепті. Одан бөлек, үйлерді құбырға қосу қажеттілігі туындайды. Бұл тұрғындар тарапынан қосымша уақыт пен қаражаттың бөлінуін қажет етеді. Әкімдік болса, қиыршық тастың өзін жеткілікті көлемде жеткізе алмаған. Осы себепті мен және менің партиям барлық деңгейдегі әкімдерді сайлауды енгізуді, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды қажет деп келеміз, әрі қарай да осы мақсатта қызмет етеміз», – деді Нұрлан Әуесбаев.

Кандидат Ақтөбе облысына сапары барысында Бестамақ ауылына да атбасын тіреп, ауылдағы ағайындармен кездесті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here