Салтанат Тұрсынбекова Шымкенттегі тігін фабрикасына барды

0
380

31 қазанда Қазақстан президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Шымкент қаласындағы «Гаухар» тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті. Бұл туралы кандидаттың штабы хабарлады.

«Бір мезетте ақша тауып, бала өсіріп, салт-дәстүрді қастерлеп, ірі кәсіпорын жұмысын алға жетелеп отырған әйелдерді мақтан тұтатынымды айтқым келеді. «Гауһар» – оңтүстіктің жеңіл өнеркәсібінің флагманы. Мұнда жұмыс киімі, мектеп формасы мен тоқыма бұйымдары әдемі, тиімді және ыңғайлы бағада тігіледі. «Қазақстанда жасалған» деп мақтанышпен айта алатын өнімнің қалай жасалып жатқанын көру қуантады. Осындай ірі әрі танымал кәсіпорынды әйел басқарып отырғаны тіпті керемет. Көпшілік әйелдердің табысты көшбасшы бола алатынына сенбейді. Бірақ, мен сенемін және білемін, әйелдің қолынан бәрі келеді. Зауытты да, үлкен ұжымды да, керек десеңіз, бүкіл елді де басқара алады», – деді Салтанат Тұрсынбекова.

Қазақстан президенттігіне кандидат жұмысшы әйелдермен ашық сөйлесті.

«Мен мемлекеттің назарын ылғи кейінге шегеріліп қала беретін екінші кезекте тұрған мәселелерге аударғым келеді. Қазіргі кезде көп әйелдер көпбалалы отбасыларды, қарт ата-аналарды, ауру туыстарын иықтарында көтеріп жүр. Менің ойымша, оларға қамқорлық жасау керек. Сайып келгенде, бар қаржыны маңызды нәрсеге бағыттайтын уақыт келген сияқты», – деп өз пікірін білдірді Салтанат Тұрсынбекова.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here